03.03.2017, 21:42 5940

Қарағандыда қоғамдық көліктерде электрондық билеттер енгізу мәселесі сәуір айында белгілі болады

Бұл мәселе бойынша нақты жауап сәуір айында белгілі болады. Үкіметте қарағандылық биліктіӊ заӊнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсынысы қаралады. Облыс орталығында автобустарда қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға сараланған тарифтер енгізілмек, сондай-ақ автопарктерді субсидиялау мәселесі жойылып, көлік саласы сервистік схемадан шығарылмақ.

Қарағанды. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Қоғамдық көліктерде электрондық билеттер енгізу мәселесі алғаш рет көтеріліп отырған жоқ. Шенеуніктердіӊ пайымдауынша, осылайша автопарктердіӊ жұмысыныӊ "айқындылығын" қамтамасыз етуге және жолаушылардыӊ бәрін бақылауға болады.

- Қазіргі кезде электрондық билет беру бойынша пилоттық жоба енгізілген Алматыныӊ тәжірибесін бақылап отырмыз, - дейді Қарағанды әкімі Нұрлан Иубәкіров. - Бірақ, бұл жобаны енгізу туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ.

Бұл мәселе бойынша нақты жауап сәуір айында белгілі болады. Үкіметте қарағандылық биліктіӊ заӊнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсынысы қаралады. Облыс орталығында автобустарда қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға сараланған тарифтер енгізілмек, сондай-ақ автопарктерді субсидиялау мәселесі жойылып, көлік саласы сервистік схемадан шығарылмақ. Егер осы өзгерістер қабылданса, онда біздіӊ қалада жобаны енгізу үшін "Оӊай" компаниясы жауапты болады.

Жылы аялдамалар да Қарағандыныӊ қоғамдық көлік жолаушылары үшін тағы да бір жаӊашылдық болады. Бүгінде қалада бір жылы аялдама бар, "Арман" боулингініӊ жанында. Бірақ жақын арада осындай тағы да 5 павильон орнатылмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны