26.06.2013, 12:21 3053

Қарағандыда құрбысының өліміне күдікті 11 жастағы екі қыз арнайы мектепке жіберілді

"Сот Қарағанды қаласы ІІБ арызын орындауға және Кристина Евдокимованы 1 жыл мерзімге - Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданы Керней ауылындағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына жіберуге шешім қабылдады", - деп қаулы жариялады Қарағанды облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот өкілі Асқар Марданов. Сәйкесінше, бұл шешім 11 жасар Каролина Циммерманға да қатысты қабылданды.

Қарағанды. 26-маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі (ювеналды) мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен тоғыз жасар құрбысының өліміне күдікті екі 11 жастағы қыз арнайы мектепке жіберілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сот Қарағанды қаласы ІІБ арызын орындауға және Кристина Евдокимованы 1 жыл мерзімге - Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданы Керней ауылындағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына жіберуге шешім қабылдады", - деп қаулы жариялады Қарағанды облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот өкілі Асқар Марданов. Сәйкесінше, бұл шешім 11 жасар Каролина Циммерманға да қатысты қабылданды.

Сотта тергеу тобының жетекшісі, Қарағанды облысы бойынша ІІД Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Любовь Панарина хабарлағандай, 9 жасар Анна Ткачуктің өлімі туралы қылмыстық іс бойынша кәмелетке толмаған үш қыз күдікті болып отыр. Соның арасында, үшінші күдікті 10 жасар Александра Челлерге қатысты арнайы мектепке жіберу туралы мәселе қарастырылмаған. Себебі заңнамаға сәйкес, девиантты мінез-құлықты жасөспірімді 11 жастан бастап қана арнайы мекемеге белгілеуге болады.

Сондай-ақ, ювеналды сот кәмелетке толмаған күдіктілердің аналарына да қатысты әкімшілік істерді қарастырды. Сот ҚР ИҚжК 2-бөлімі 11-бабы бойынша ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін үшеуін де кінәлі деп таныды және әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі (34 620 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

Күдікті жасөспірімдердің аналары сот шешімімен келісетіндіктерін, айыппұл туралы да, арнайы мектепке жіберу туралы да үкімді бұздыруға шағым арыз беруге ниетті емес екендіктерін айтады.

Бұрын хабарланғандай, Қарағандыда 9 жасар қыздың өлі мүрдесі табылған. Полиция күдікті ретінде кәмелетке толмаған үш қызды анықтады. Мәліметтерге сәйкес, жасөспірімдер арасындағы дау-дамайдың соңы өлімге ұласуына - қуыршақ себепші болыпты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны