09.08.2018, 19:02 4534

Қарағандыда құрметті теміржолшыға ескерткіш тақтасы ашылды

Еӊбек жолын 1962 жылы бастады. Үлкен Михайловка станциясында кезекші, пойыз диспетчері, жол бөлімшесініӊ кезекшісі, аға пойыз диспетчері, Жаӊаауыл станциясыныӊ бастығы қызметтерін атқарды.

Қарағанды. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды теміржол бөлімшесінде құрметті теміржолшы Сергей Тарасович Кимніӊ құрметіне ескерткіш тақта орнатылды. Сергей Ким 1942 жылы туған. Еӊбек жолын 1962 жылы бастады. Үлкен Михайловка станциясында кезекші, пойыз диспетчері, жол бөлімшесініӊ кезекшісі, аға пойыз диспетчері, Жаӊаауыл станциясыныӊ бастығы қызметтерін атқарды. 1997 жылы тасымалдау қызметініӊ бастығы қызметіне кірісті. 2002 жылы Қарағанды жол бөлімшесі бастығыныӊ орынбасары болды. 2006 жылы құрметті демалысқа шықты.

Мемориалдық тақтаны Виктор Погонин мен Дулат Серіков салтанатты түрде ашты. Мерекелік шараға Қарағанды Сұрыптау станциясында орналасқан теміржол мекемелерініӊ басшылары мен кәсіподақ ұйымы өкілдері, ардагерлер қатысты.

"ҚТЖ- Жүк тасымалы" филиалы Қарағанды ЖТ бөлімшесініӊ директоры Марат Ыбыраев Сергей Кимніӊ Қарағанды теміржолын дамытуға қосқан үлесіне тоқталды.

"Біз теміржол саласына қажырлы еӊбегімен сүбелі үлес қосқан өз ісініӊ патриотына ескерткіш ашып отырмыз. Оныӊ өмір жолы бәрімізге үлгі",-дейді М. Ыбыраев.

Жиналғанғандар алдында Сергей Киммен бірге қызмет еткен Қадыл Таласпеков сөз сөйледі.

"Бүгін біз теміржол саласына мол еӊбек сіӊірген адамға ескерткіш қойып отырмыз. Ол жұмысқа барынша берілген әрі талантты басшы болды",-деп атап өтті Қ. Таласпеков.

Мемориалдық тақтаны ашу кезінде Сергей Ким туралы әріптестері жағымды пікірлерін ортаға салды.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны