10.03.2011, 13:40 3759

Қарағандыда мас жолаушылар жол полициясының инспекторын соққыға жыққан

Қарағандыда өздерінің көлігінің жүргізушісіне ара түспек болған мас жолаушылар жол полициясының инспекторын соққыға жығып, мұрныны сындырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды. 10 - наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда өздерінің көлігінің жүргізушісіне ара түспек болған мас жолаушылар жол полициясының инспекторын соққыға жығып, мұрныны сындырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облысы прокуратурасының хабарлауынша, 5 наурызға қараған түні жол полицейі ВАЗ 2107 автокөлігін ішінде тым көп адам болғандықтан тоқтатқан. Көліктің ішінде жүргізушіден басқа тағы 6 адам болған. Олардың барлығы, соның шінде жүргізуші де мас болған.

Инспектор екі әкімшілік заң бұзушылық дерегі бойынша хаттама толтыра бастағанды жолаушылардың бірі көліктен атып шығып, инспекторды жұдырық астына алып, оның рациясын алып қояды. Сөйтіп жол полициясы қызметкерлерінің біреуін соққыға жыққан олар, көлікке мініп кетіп қалған.

Михайловск бөлімшесінің полицейлері заң бұзған 20 - 27 жас аралығындағы жеті жігітті бір сағат ішінде ұстаған. Күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 321 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны