26.03.2017, 12:45 4513

Қарағандыда Наурыз мерекесіне орай 108 жас отбасы баспаналы болды

Қарағандыда Наурыз мерекесіне орай өӊірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасыныӊ "Жас отбасыларға арналған баспана" бағыты бойынша қатысушыларға пәтер кілті табысталды,- деп хабарлайды әкімдік.

Қарағанды. 26 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда Наурыз мерекесіне орай өӊірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасыныӊ "Жас отбасыларға арналған баспана" бағыты бойынша қатысушыларға пәтер кілті табысталды,- деп хабарлайды әкімдік.

Қала әкімі Нұрлан Иубәкіров пен Қарағанды қалалық мәслихатыныӊ хатшысы Құдайберген Бексұлтанов пәтер иелерін құттықтады.

Тұрғындар Белинский к-сі, 2 мекен жайы бойынша орналасқан үйге қоныстандырылды. Көктемде 108 жас отбасы қоныс тойын тойлайды. Тұрғын үйде 72 бір бөлмелі және 36 екі бөлмелі пәтер бар.

Бағдарламаныӊ шартына сәйкес, мемлекеттік баспана алуға жасы 29-ға толмаған, кем деген екі жыл бірге тұратын (бағдарламаға қатысқан кезде) ерлі-зайыптылар құжат тапсыра алады. Сондай-ақ, анасы (әкесі) 29-ға толмаған балалары бар толық емес отбасылар, соныӊ ішінде ажырасқандар мен жесір қалғандар бағдарламаға қатыса алады.

Пәтер алғандардыӊ бірі - жас дәрігерлер Шапшанбаевтар отбасы. Дастан Мақажанов атындағы клиникада травматолог болып істейді. Жұбайы Жанар Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде резидентураны бітіреді. Олар үш бала тәрбиелеп отыр, еӊ кішісі - 7 айлық.

"Ирине, қуаныштымыз. Бірнеше жылдан бері пәтер жалдап тұрып келеміз. Айына 75 мыӊ теӊге төлейтінбіз. Жаӊа пәтердіӊ арендалық ақысы үш есеге аза, - дейді отағасы. - Бағдарламаға қатысуға құжаттарды үш ай бұрын тапсырдық. Конкурстан өттік. Пәтер алушылардыӊ тізімінде алғашқылардыӊ бірі болып тұрдық".

15 жылдан кейін арендалық пәтерді жекешелендіруге болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны