04.06.2009, 16:52 2609

Қарағандыда "Нұр Отан" ХДП саяси кеңесінің бюросы мен партияның облыстық филиалының партиялық қадағалау комиссиясы облыстық тәртіптік кеңестің төрағасын партиядан шығарды

Қарағандыда "Нұр Отан" ХДП саяси кеңесінің бюросы мен партияның облыстық филиалының партиялық қадағалау комиссиясы облыстық тәртіптік кеңестің төрағасын партиядан шығарды

Қарағанды. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда "Нұр Отан" ХДП саяси кеңесінің бюросы мен партияның облыстық филиалының партиялық қадағалау комиссиясы облыстық тәртіптік кеңестің төрағасын партиядан шығарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облыстық тәртіптік кеңестің төрағасы, "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының мүшесі Айман Мұрсалов партия қатарынан шығарылды. "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы Қарағанды облыстық филиалының партиялық қадағалау комиссиясы жоғары лауазым иесі қызмет бабын асыра пайдаланып, партия Жарғысының талаптарын сақтамады деп отыр. Комиссия мүшелерінің айтуынша, ол құзырлы орындарға заңсыз тексеріс жүргізген, еңбек заңын өрескел бұзып, өкілеттігіне нұқсан әкелетін әрекеттерге барған. Партия кеңесінің бюросы Айман Мұрсаловты партия қатарынан шығарып, облыстық тәртіптік кеңес төрағалығы қызметінен босату туралы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке ұсыныс жасайтындарын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны