06.03.2017, 16:04 4257

Қарағандыда облыстық "Мастер-ART" көрме-байқауы өтті

Қарағандыда осымен бесінші рет көркемсурет мектептері педагогтарыныӊ, өнер мектептері және бейнелеу өнері студиялары арасында облыстық "Мастер-ART" көрме-байқауы өтті. Облыстық бейнелеу өнері мұражайында 60-тан аса жұмыс ұсынылды.

Қарағанды. 6 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда осымен бесінші рет көркемсурет мектептері педагогтарыныӊ, өнер мектептері және бейнелеу өнері студиялары арасында облыстық "Мастер-ART" көрме-байқауы өтті. Облыстық бейнелеу өнері мұражайында 60-тан аса жұмыс ұсынылды.

"Педагогтар өздерін теорияда ғана көрсетпей, тәжірибе туралы да ұмытпауға тиіс. Бұл байқау оларды ынталандырып қана қоймай, шығармашылық шабыт сыйлайды. Бұған қоса, бұл - тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік", - деп мәлім етті Қарағанды қаласыныӊ №1 балалар көркемсурет мектебініӊ директоры Дина Кеӊесбаева.

Биылғы жылы көрме-байқау Халықаралық әйелдер күніне орайластырылды. Жұмыстарды біріктірген тақырып - "Би сиқыры". Қатысушылар түрлі бағыттарды таӊдады: халық, қазіргі заманғы және діни билер, балет. Техникасы да әр түрлі: графика, декоративті-қолданбалы өнер, мүсін және т.б. Картиналардыӊ бірінде автор карандаш жоӊқаларын және кептірілген жемістерді пайдаланған.

Жұмыстарды кәсіби қазылар алқасы бағалады. Жеӊімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар табыс етілді. Қалған қатысушыларға сертификаттар берілді.

"Мен мерекелік рухқа және жақсы көӊіл-күйге бөлендім. Біздіӊ балалардыӊ болашағы жақсы қолда. Педагогтардыӊ ролі өте маӊызды. Руханилықтыӊ негізі бала кезде қаланады", - дейді өз ойымен бөліскен ҚР Суретшілер одағыныӊ мүшесі Александр Пацюра.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны