28.06.2017, 18:29 4424

Қарағандыда "Өлкетану" оқулығыныӊ тұсаукесері өтті

Ол мектеп оқушыларыныӊ сабақ кестесіне биылғы оқу жылы кіргізіле ме, әлде келесі жылы енгізіле ме ол әзірге белгісіз. Бірақ болашақта мектеп бағдарламасына кіргізу жоспарланып отыр - дейді оқулықты құрастырушы Дидар Қадірбаева.

Қарағанды. 28 маусым. Kazakhstan Today - 26 маусым күні Қарағанды облысыныӊ білім беруді дамыту оқу-әдісемелік орталығында орта оқу орындары үшін қазақ тіліндегі "Өлкетану" оқу құралыныӊ тұсаукесері өтті.

71 беттен тұратын кітапта Қарағанды облысыныӊ географиялық ерекшеліктеріне сипаттама берілген: аумақтық орны, геологиялық құрылымы, топырағы, пайдалы қазбалар кен орындары мен су ресурстары, экономикалық және әкімшілік ерекшеліктері. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі, өӊірдегі экологиялық жағдай, жергілікті туризм мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылған. Кітаптыӊ екінші жартысында облыс аумағында 18-20 ғасырларда жүргізілген тарихи және этнографиялық зерттеулер бойынша экскурс бар, тарихи-мәдени ескерткіштер мен Сарыарқа топонимикасыныӊ ерекшеліктері сипатталған.

Оқу құрал "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты Елбасы Н.И. Назарбаевтыӊ бағдарламалық мақаласында айтылған өскелеӊ ұрпақтыӊ кіші отанға деген сүйіспеншілігі оныӊ географиясын, тарихын, мәдениетін, кешегісі мен бүгіннін зерттеу және тану арқылы дамыту бойынша идеясын іске асыруға бағытталған. "Өлкетану" оқулығын құрастырушылар Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ қызметкерлері: география кафедрасыныӊ доценті, педагогика ғылымдарыныӊ кандидаты Қадірбаева Дидар Артықбайқызы мен Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасыныӊ меӊгерушісі, тарих ғылымдарыныӊ кандидаты Жұмабеков Жамбыл Азмұханұлы.

-Бұл "Өлкетану" оқулығыныӊ жазылу себебі - Елбасымыз: "Өркениетті дамытатын ғылым, және ғылымныӊ бірден бір саласы тарих",- деген. Сол тарих арқылы жас ұрпақты ұлтжандыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеудіӊ маӊызы зор. Бұл "Ұлт жоспарын іске асырудыӊ 100 қадамы" деп аталатын бағдарламала негізге алынған, онда осы "Өлкетануды" оқытуды бағдарлама ретінде қолға алу мәселесі қарастырылған. Осы мақсатта облыс әкімі Ерлан Қошанов пен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ басшылығыныӊ қолдауыменен осы "Өлкетану" оқу-құралын жазып шығуды қолға алдық. Жалпы "Өлкетануды" біздіӊ университеттіӊ география мамандығыныӊ студенттері бес жылдан бері 2 курстан бастап оқып келе жатыр. Ал бүгін тұсаукесері болып жатқан оқулық 7 сынып оқушыларына арналған. Ол мектеп оқушыларыныӊ сабақ кестесіне биылғы оқу жылы кіргізіле ме, әлде келесі жылы енгізіле ме ол әзірге белгісіз. Бірақ болашақта мектеп бағдарламасына кіргізу жоспарланып отыр - дейді оқулықты құрастырушы Дидар Қадірбаева.

Жақын уақытта мектеп оқушылары үшін орыс тілінде ұқсас басылымды, сонымен қатар жоғары оқу орындары үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу құралдарын шығару жоспарланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны