25.04.2011, 17:18 3844

Қарағандыда ПИК төрайымы 4,5 млн теңгеден астам қаржы жымқырғаны үшін бес жылға сотталды

Қарағандыда ПИК төрайымы үйлер мен аулаларды көркейтуге жұмсалуға тиіс 4,5 млн теңгеден астам қаржы жымқырғаны үшін бес жылға сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды. 25 - сәуір. Kazakhstan Today - Қарағандыда ПИК төрайымы үйлер мен аулаларды көркейтуге жұмсалуға тиіс 4,5 млн теңгеден астам қаржы жымқырғаны үшін бес жылға сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"20-сәуір күні Қарағандының Қазыбек би атындағы аудандық соты пәтер иелерінің кооперативінің төрайымын бес жылға бас бостандығынан айырды. Ол ПИК-нің есеп шотына түскен және де үйлер мен аулаларды көркейтуге, коммуналдық жүйелерді жөндеуге арналған 4 млн 600 мың теңгені жымқырғаны үші айыпты деп танылды",- деп хабарлады Қарағанды облысы сотының баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен ПИК төрайымын айыпты деп танылып, оны мүлкін тәркілей отырып бес жылға бас бостандығынан айырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны