23.12.2008, 16:39 3503

Қарағандыда польшалық дәрігерлер жүрегіне бірегей операция жасаған екі айлық сәби қыз қайтыс болды - телеарна

Қарағандыда польшалық дәрігерлер жүрегіне бірегей операция жасаған екі айлық сәби қыз қайтыс болды - телеарна

Қарағанды. 23 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Қарағандыда польшалық дәрігерлер жүрегіне бірегей операция жасаған екі айлық сәби қыз - Лера Чуприна қайтыс болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі АРТ телеарнасына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бір жарым айлық Қарағандылық қыздың жүрегінде үлкен ақау болған. Бұл аса күрделі дертке жатады. Қарағандылық мамандар мұндай операцияларды тек бестен жоғары жастағы балаларға ғана жасайды. Лераның ата-анасына операцияны шетелде жасау ұсынылған, оның құны 40 мың евроға бағаланды.

Қарашаның аяғында Қарағандыға польшалық дәрігерлер келіп, кардиохирургиядан мастер-класстар өткізген. Қызды қарап шыққан польшалық кардиохирург Марик Витэс оған тегін операция жасауға бел буады. М. Витэстің айтқанындай, операция 50% табысты жасалды, қалған 50% баланың қалай сауығып кетуіне байланысты еді. "Мұндай операция тек Қазақстан ғана емес, жалпы Орталық Азияда бірінші рет жасалды", - деді сол кезде хирург.

Алайда, баланың ағзасы операциядан кейінгі жағдайды көтере алмаған. Екі айлық бала үшін ол аса ауыр операция болса керек. Баланың қазасына себеп болған септикалық шок деген алдын-ала тұжырым айтылуда. Мамандар, дегенмен, сараптама қорытындысын алмайынша түсініктеме беруден бас тартуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны