24.04.2017, 20:04 5207

Қарағандыда робототехника фестивалі үшін бірегей RoboLand Қазақстан полигоны жасалды

Фестивальдіӊ ашылуына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты. Ведомство басшысы Қарағанды облысында робототехниканыӊ дамуына оӊ баға берді. Оныӊ айтуынша, болашақта бұл пән мектеп бағдарламасында қосымша сабақтан міндеттіге айналуы мүмкін. Бұл мәселе министрлікте пысықталуда.

Қарағанды. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағандыда робототехникадан RoboLand халықаралық фестивалі үшінші рет өткізілді. Биыл шараға қатысушылар 24 номинация бойынша сайысқа түсті, оныӊ жартысы бағдарламаға алғаш рет енгізіліп отыр.

2015 жылы 70 адам қатысса, екінші фестивальге 70-тен астам оқу орны мен робототехника клубы өз командаларын ұсынды, олар 14 номинацияда шеберлік байқасты. 2017 жылғы шарада 400-ге жуық команда, жалпы алғанда 800-ден аса бала бас қосты.

Жарыс жаӊа бастаған және әуесқой роботехниктер арасында өтті. Бағдарламаға лабиринттер, механикалық және интеллектуалды сумо жарыстары, кегельринг пен роботтарға арналған футбол, 3-D прототиптеу, квадрокоптерлерді басқару және т.б. енгізілді. Қаазылар алқасыныӊ төрағасы WRO халықаралық дәрежесіндегі төреші, Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетініӊ оқытушысы Александр Капитонов.

Фестивальдіӊ ашылуына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты. Ведомство басшысы Қарағанды облысында робототехниканыӊ дамуына оӊ баға берді. Оныӊ айтуынша, болашақта бұл пән мектеп бағдарламасында қосымша сабақтан міндеттіге айналуы мүмкін. Бұл мәселе министрлікте пысықталуда.

"Робототехниканы енгізу - біздіӊ міндетіміз. Өзге елдерден артта қалуға болмайды. 2016 жылы жергілікті бюджеттіӊ қаржыландыруыныӊ және демеушілік қолдаудыӊ арқасында 400 жиынтық сатып алынды. 20 мыӊ бала қосымша сабақпен қамтылды. Биыл оқушылар саны екі есе ұлғайтылмақ", - деді Ерлан Сағадиев журналистерге берген сұхбатында.

Қарағандылықтар фестиваль үшін еліміздіӊ каратсына ұқсас бірегей RoboLand Қазақстан полигонын жасады. Ауданы 15х12 метр жерде су роботтарыныӊ жарысын, 3D-прототиптеу, боттарды бағдарламалау сайыстарын өткізуге, виртуалды әлем құруға болады.

"Алты жарыс орны ашылды, онда облыстар, Астана қаласы белгіленді. Ир деӊгейдіӊ өз қиындығы бар. Мысалы, мына жерде шахталар. Қызыл, сары және көк квадрат - бұл стильдендірілген көмір, қоӊыр кен және алтын. Робот белгілі бір пайдалы қазбаларды таӊдап, оны вагондарға тиеуі керек. Мынау - Шығыс Қазақстан облысы. Роботтыӊ міндеті - көпірдіӊ үстімен және таумен көтеріліп, қиын жолды бағындыру. Байқоӊыр, мұнда робот зымыранды жинап, оныӊ ұшырылуын бейнемен көрсетуі керек", - деді Қарағанды облысыныӊ білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығыныӊ басшысы Елена Вафина жарыс полигонындағы экскурсия барысында.

Полигонды жасауға жарты жылдан астам уақыт қажет болды. Техникалық ЖОО-лардыӊ консультант-оқытушыларынан құрылған үлкен команда еӊбек етті. Алдағы уақыытта жарыс орындарыыныӊ саны арта түспек. Егер лайықты стационарлық орыын табылса, полигонды ұдайы жаттығу базасы ретінде пайдалануға болады.

Информатика мен робототехника оқытушыларыныӊ біліктілігін арттыру бағдарламалары фестивальді дамытуға ықпал етеді, дейді ұйымдастырушылар. Шараныӊ басты мақсаты - робототехникаға қызығушылықты тудыру. Осы мақссатта жаттықтырушылар семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізеді. Балалар арасында "Мен және меніӊ роботым" тақырыбында сурет және бұйымдар жарысы өткізілді.

Дәстүр бойынша фестиваль алаӊында робототехникалық өнімдер көрмесі өтіп жатыр. Үстіміздегі жылы залда жүрген меканоид робот балалармен ойнады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны