22.10.2015, 19:53 3636

Қарағандыда "Шахтер" ФК бұрынғы баспасөз қызметкері 6 жылға сотталды

Қарағандыда "Шахтер" ФК бұрынғы баспасөз қызметкері Мансұр Қалиев тонауға қатысқаны үшін 6 жылға сотталып, мүлкі тәр

Астана. 11 Қазан. Kazakhstan Today - Қарағандыда "Шахтер" ФК бұрынғы баспасөз қызметкері Мансұр Қалиев тонауға қатысқаны үшін 6 жылға сотталып, мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ үш сыбайласы - Ғани Жүнісов, Бауыржан Мағзұмбеков пен Нұржан Рахымов та сотталды. Екеуі 4 жылға,біреуі үш жылға бас бостандығынан айырылды. Барлығыныӊ мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сонымен қатар сот сотталғандардан жапа шегушілердіӊ пайдасына материалдық шығын үшін 700 мыӊ теӊге және моральдық зақым үшін 400 мыӊ теӊгеден астам қаржы өндірді.

Еске сала кетейік, Қарағандыда 2014 жылы қараша айында қарақшылыққа қатысы бар деген күдікпен "Шахтер" футбол клубыныӊ 27 жастағы баспасөз қызметкері М.Қалиев ұсталды.

Тергеу нұсқасы бойынша, "Шахтер" ФК баспасөз қызметініӊ қызметкері сыбайластарымен бірге букмекерлік кеӊселерге шабуыл жасаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны