26.02.2007, 19:15 2989

Қарағандыда сот кеншілердің мәдениет сарайының ғимаратын мемлекет меншігіне қайтару туралы қаулы шығарды

ҚАРАҒАНДЫ. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін Қарағандыда ауданаралық экономикалық сот кеншілердің мәдениет сарайының ғимаратын мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұрын хабарлағанымыздай, кеншілердің мәдениет сарайы 10 жыл бұрын ресми дерек бойынша 13 млн. теңгеге, ресми емес дерек бойынша 75 мың теңгегі "Аргус" ЖШС-не жекешелендірілген болатын. Келісімнің шарттары бойынша сарайдың қолданылу бағыты өзгертілмеуге тиіс болатын. Бірақ, соңғы кезде ғимаратта "Валют-Транзит" банкінің филиалы орын тепкен.

Жұртшылық сәулет жәдігері болып табылатын ғимаратты коммуналдық меншікке қайтару туралы мәселені бұрыннан бері көтерген. 2006 жылдың қазанында мәслихат депутаттары облыс прокурорына қайтадан сұрау салған болатын.

Қазыбек би атындағы ауданның прокуроры тексеру жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады: мәдениет сарайының ғимараты жекешелендіруге жатпайтындықтан заңсыз сатылған. Сонымен қатар, 1950 жылы салынған ғимарат 80-жылдары сәулет ескерткіші болып танылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны