03.03.2015, 17:34 3792

Қарағандыда тон үшін мектеп оқушысын өлтірген бойжеткен 17 жылға бас бостандығынан айырылды

Қарағандыда сот тон үшін туысқан інісін өлтірген Қаламқас Аманбекке 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлады сот залынан "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі

Қарағандыда. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда сот тон үшін туысқан інісін өлтірген Қаламқас Аманбекке 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлады сот залынан "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қаламқас Аманбек ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлігініӊ в, д, к, о-тармақтары (кісі өлтіру), ҚР ҚК 178-бөлігініӊ 2-тармағы (ұрлық) бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылсын. Қылмыстар санын ескере келе оған жалпы режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен, мүлкін тәркілей отырып, 17 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын", - деп сот үкімін жария етті Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ судьясы Төлеген Таӊсықпаев, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сот сотталушыныӊ кінәсі жиналған айғақтармен толық дәлелденгенін ескерді.

"Сотталушыныӊ оған қатысты күштеу әрекеттері қолданылды деген дәлелін тергеу тобыныӊ өкілдері растамады", - деп атап өтті судья.

Қ.Аманбек өз айыбын толықтай мойнына алмады. Сот бұл әрекетін қорғану ретінде бағалады. Пікірлесу барысында мемлекеттік айыптаушы Қаламқас Аманбекке 18 жыл бас бостандығынан айыру үкімін шығаруды сұраған еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны