12.05.2015, 19:42 3770

Қарағандыда тұрғын үй маӊында атыс орын алды: зардап шеккендер бар

Үміткер Қарағандыда атыс салдарынан үш адам зардап шекті. Екі күдікті қолға түсті, деп хабарлады облыстыӊ ІІД баспасөз қызметінен

Қарағанды. 12 Мамыр. Kazakhstan Today - Үміткер Қарағандыда атыс салдарынан үш адам зардап шекті. Екі күдікті қолға түсті, деп хабарлады облыстыӊ ІІД баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Полицияныӊ ақпаратына сүйенсек, оқиға 11 мамырда кешке тұрғын үйдіӊ маӊында орын алған. Оқиғаны Қарағанды қ. ІІБ жол-патрульдік полиция полкініӊ 23 жастағы қызметкері көріп қалған. Қызметтен үйіне келе жатқан полиция сержанты қарулы жанжалды байқап қалып, оқиғаға араласады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Полицейдіӊ келе жатқанын көрген екі ер адам қашып кеткен. Біреуініӊ қолында шолақ мылтық болған. Оқиға орнында жанжалға қатысқан екі адам қалған, оныӊ бірініӊ қолында "Оса" травматикалық тапаншасы болған. Ол тапаншаны полицияныӊ басына кезеп, араласпауын талап етеді. С.Ысқақов өзін-өзі қорғау тәсілімен бұзақыныӊ қаруын алып қойды", - делінген хабарламада.

Артынша ер адам көлікпен бой тасалады. Оқиға орнында бетіне оқ тиген 20 жастағы жігіт қалды. Полицей болған оқиға жайлы Жедел басқару орталығына хабарлады.

"Біраз уақыт өткеннен кейін полицейлер тапаншадан оқ атқан 34 жастағы ер адамды ұстады, оныӊ 39 жастағы досы көлікпен қашып кетті. Олар медициналық көмекке жүгінген жерінен қала ауруханалардыӊ бірінен ұсталды. Екеуі де аяқтарынан жарақат алған", - деп көрсетілген хабарламада.

Полицияныӊ мәліметтеріне сүйенсек, ұсталған 34 жастағы ер адам жанжал барысында 20 жастағы жәбірленушіге тапаншадан оқ атқанын мойындады.

"Қазір оқиғаныӊ қалған қатысушыларыныӊ кім екендері анықталуда. ҚР Қылмыстық Кодексініӊ 293 б. 3 т. (бұзақылық) бойынша іс қозғалып, тергеу алды тексеру жүргізілуде", деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны