04.05.2009, 19:13 2335

Қарағандыда Ұлы Отан соғысы жылдарында опат болған Камали Ибжаппаров есімді сарбазды жерлеу рәсімі өткізілді

Қарағандыда Ұлы Отан соғысы жылдарында опат болған Камали Ибжаппаров есімді сарбазды жерлеу рәсімі өткізілді

Қарағанды. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда бүгін Ұлы Отан соғысы жылдарында опат болып, 1943 жылдан бері хабар-ошарсыз кеткендердің санатында болған Камали Ибжаппаров есімді сарбазды жерлеу рәсімі өткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 12-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқан. Оның мәйітін "Искатель" іздеушілер отряды Ресей Федерациясының Орлов және Тула облыстарының шекарасындағы қазба жұмыстары кезінде тапқан. Жауынгердің аты-жөні оның туыстары мен достары жайлы жазылған капсуланың көмегімен анықталып, оның мүрдесі Қарағанды облыстық әкімшілігі, Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мен РФ Орлов облысы әкімшілігінің күш салуымен жеткізіліп, туған жерінде мұсылман зиратында салтанатты жағдайда жерленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны