02.08.2012, 18:13 5849

Қарағандыда үш ЖОО- ның базасында бірегей Орталық Қазақстан академиясы құрылды

"Қазіргі кезде республикада жүріп жатқан жоғары оқу орындарын оңтайландыру шеңберінде Қарағанды қаласында үш ЖОО - Қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық институт, Орталық Қазақстан университеті-Лингва және "Фемида" заң академиясы базасында жаңа бірегей жоғары оқу орыны - Орталық Қазақстан академиясы құрылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қарағанды. 2-тамыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда үш ЖОО- ның базасында бірегей Орталық Қазақстан академиясы құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазіргі кезде республикада жүріп жатқан жоғары оқу орындарын оңтайландыру шеңберінде Қарағанды қаласында үш ЖОО - Қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық институт, Орталық Қазақстан университеті-Лингва және "Фемида" заң академиясы базасында жаңа бірегей жоғары оқу орыны - Орталық Қазақстан академиясы құрылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұл шара ЖОО материалдық-техникалық базасын, профессорлық-оқытушылық құрамын жақсартуды, сондай-ақ болашақ мамандардың оқу сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Ақпаратта Қазақ-Қытай академиясына жасалған тексеріс нәтижесінде, Білім және ғылым саласын бақылау жөніндегі комитет аталған оқу орнын толығымен мемлекеттік лицензиясынан айыруға шешім қабылдағаны айтылған.

Қазірде оңтайландыру бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде республикадағы 146 жоғары оқу орнының 143-і білім беру жұмысын жалғастырады.

ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов бұдан бұрын айтып өткендей, үстіміздегі жылы 20 астам білім орындары, 2013 жылы 10 шақты ЖОО біріктіріліп, олардың базасында бәсекеге қабілетті оқу орындарын құру жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Н.И.Назарбаев өзінің "Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам" атты бағдарламалық мақаласында білім беру мекемелерін оңтайландыруды тапсырған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны