11.02.2013, 11:39 3366

Қарағандыда "Валют-Транзит-Банк" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы кенеттен көз жұмды

Бүгін түнде Қарағанды қаласындағы облыстық медицина орталығының жансақтау бөлімінде "Валют-Транзит-Банк" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы, сотталушы А. Біләлов кенеттен көз жұмды, деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД-нің баспасөз қызметінен.

Қарағанды. 11-ақпан. Kazakhstan Today - Қарағандыда "Валют-Транзит-Банк" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін түнде Қарағанды қаласындағы облыстық медицина орталығының жансақтау бөлімінде "Валют-Транзит-Банк" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы, сотталушы А. Біләлов кенеттен көз жұмды, деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД-нің баспасөз қызметінен.

10 ақпан күні кешқұрым Қарабас кентінде орналасқан жалпы режимдегі түзеу мекемесінен ол "Ишемиялқ жүрек ауруы" диагнозымен жедел-жәрдем көлігімен Қарағанды қаласындағы облыстық медицина орталығына жеткізілді.

Алдын ала жасалған болжам бойынша ол "Миокард талмасынан" көз жұмды.

Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылдың наурызында сот 1958 жылғы А. Біләловті 10 жылға соттаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны