08.01.2008, 12:55 1761

Қарағандыдағы бір әскери бөлімшеде бір әскер өзіне өзі қол жұмсаған

Қарағандыдағы бір әскери бөлімшеде бір әскер өзіне өзі қол жұмсаған

Қарағанды. 8-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2-қаңтар күні таңертең Қарағанды облысының қала түріндегі Спасск кентінде орналасқан 31775 әскери бөлімшесінің оқу орталығының клубында шұғыл қызметке тартылған әскердің мәйіті табылған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне орталық гарнизонның әскери прокуратурасының бас прокуроры Абай Увайдильдинов хабарлады.

"Бұл азаматтың асылып өлуіне ненің түрткі болғандығы туралы айту әзірге ертерек. Тергеу жұмыстары - барлық болжамдар, соның ішінде әлімжеттік жасалуы мүмкін деген болжам да қаралып жатыр",- деп хабарлады Абай Увайдильдинов.

Оның айтуынша, 3-қаңтарда тергеуге дейінгі тексеру жүргізілгенен кейін, әскери-тергеу басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 370-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаған (бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу). Ол сондай-ақ, шұғыл қызметтегі қатардағы әскер қазақстанның әскер қатарына 2007 жылдың қараша айында шақырылғандығын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны