10.06.2015, 12:59 10095

Қарағандыдағы "Спасск" орталығында І Республикалық жастар жиыны ресми түрде басталды

Бүгін, 2015 жылдыӊ 10 маусымы күні Қазақстандағы алғашқы "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны Қарағанды облысына қарасты "Спасск" оқу-жаттығу орталығыныӊ базасында ресми түрде басталды

Астана. 10 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін, 2015 жылдыӊ 10 маусымы күні Қазақстандағы алғашқы "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны Қарағанды облысына қарасты "Спасск" оқу-жаттығу орталығыныӊ базасында ресми түрде басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жиын қазақстандық белсенді жастардыӊ 800-ден аса өкілініӊ басын қосты. Олар әскери-патриоттық клубтардыӊ тәрбиеленушілері, әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша облыстық және қалалық жарыстардыӊ жеӊімпаздары атанып жүрген қыз-жігіттер, сондай-ақ республикалық әскери мектеп интернаттарыныӊ (Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Павлодар, Ақтөбе қалалары), "Жас ұлан" республикалық мектебі және "Арыстан" лицейініӊ тәрбиеленушілері, жоғарғы оқу орындардағы әскери кафедралардыӊ студенттері. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Қорғаныс министрініӊ бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабыныӊ бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысушыларға арнапқұттықтау сөз сөйледі. "Қорғаныс министрініӊ, Қарулы Күштердіӊ басшылығы атынан біздіӊ ұлан-байтақ еліміздіӊоқушы жастарынан құралған үздіктердібірінші әскери-патриоттық жастар жиыныменқұттықтаймын. Бүгінде халқымыз Елбасы - Қазақстан Қарулы Күштерініӊ Бас қолбасшысыныӊ қолдауыныӊ арқасында өскелеӊ ұрпаққа аса зор ықыласпен көӊіл бөлуде. Барлық өӊірлерде, қалаларда жастардыӊ оқуына, спортпен айналысуына және өз Отаныныӊ абыройлы азаматы деген атқа лайық болуына барлық қолайлы жағдай жасап келеді. Қазіргі таӊда армия отансүйгіштіктіӊ, достықтыӊ, тұлға болып қалыптасудыӊ шынайы мектебінеайналып отыр. Мені жастардыӊ бар ынтасымен ҚР ҚК қатарына түсуге деген ұмтылысы қуантады. Бұл маӊызды және ізгі міндет. Сіздерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ курсанттары мен офицерлерініӊ қатарынан көремін деген үміттемін. Осы орайда әскери істе білікті маман болу үшін барлық күш-жігерді аянбайтындарыӊызға сенемін. Жүректеріӊізде Елге шексіз берілген сүйіспеншілік оты жалындасын, сау және шымыр болып, ақыл-ойларыӊыз маӊызды және күрделі міндеттерді шешкен сайын қайрала түссін", - деді ол.

"Айбын" жиыны маусымныӊ 10 мен 13 аралығында төрт күнге созылады. Қатысушылардымазмұнды бағдарламалар күтіп тұр. Оған жастардыӊ дене даярлығын анықтайтын негізгі күштік жаттығулар және әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша жарыстар енгізілген. Оныӊ ішінде: белағашқа тартылу, 100 метрден АК-74 ату, пневматикалық винтовкадан атыс, газтұмылдырықты кию, сондай-ақ әскери-медициналық даярлық бойынша: алғашқы таӊудыкөрсету, жарақаттанған адамды көшіру.

Жастар қазақстандық армияныӊ заманауи техникасы мен қару-жарағын көріп ерекше даярлық мектебінен өтеді, өздерініӊ күштері мен мүмкіндіктерін сынайды, теӊдесіз тәжірибе жинап, жаӊа достар табады.

Жиынныӊ басты міндеттері жастардыӊ әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру, әскери-патриоттық клубтардыӊ іс-қимылын үйлестіру, жастардыҚарулы Күштердегі әскери қызметке даярлау, олардыӊ бойында әскери қызметті өтеу кезінде қажет дағдылар мен ептілікті қалыптастыру, сондай-ақ жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, дене, әскери-қолданбалы және техникалық даярлықты жетілдіру болғанын атап өткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны