04.02.2015, 22:09 3701

Қарағандыдан Новокузнецк пен Новосибирскіге тікелей вагондар жолға шығады

Жолаушылардыӊ сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы 2015 жылдыӊ 05 ақпанынан бастап Қарағанды-Новокузнецк және Қарағанды-Новосибирск бағыттары бойынша тікелей қатынайтын вагондардыӊ жолға шығатынын хабарлайды

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Жолаушылардыӊ сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы 2015 жылдыӊ 05 ақпанынан бастап Қарағанды-Новокузнецк және Қарағанды-Новосибирск бағыттары бойынша тікелей қатынайтын вагондардыӊ жолға шығатынын хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұған дейін 2014 жылы елімізде жаӊа төрт бағыт бойынша (Алматы-Ақтөбе, Астана-Қызылорда, Астана-Өскемен, Алматы-Өскемен) "Тұлпар-Тальго" вагондарынан құралған жүрдек пойыздардыӊ жолға шықаннын еске саламыз.

Жалпы өткен жылы темір жол көлігініӊ қызметін 20 миллионнан астам жолаушылар пайдаланған.

Бұл нәтижеге жаӊа бағыттардыӊ ашылуы, жолда жүретін уақыттыӊ қысқаруы, жылжымалы құрамныӊ жаӊартылуы, икемді баға белгілеу жүйесі мен билет сатудыӊ жаӊа электронды түрін енгізудіӊ, сондай-ақ жалпы қызмет сапасын жақсартудыӊ арқасында қол жетіп отыр.

Бүгінде темір жолда жолаушылар тасымалы 122 бағыт бойынша жүргізіледі: "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы 57 бағытта (оныӊ 12-і халықаралық ) және "Қала маӊы тасымалы" акционерлік қоғамы 65 бағытта қызмет көрсетеді.

Қарағанды-Новокузнецк және Қарағанды-Новосибирск бағыттары бойынша туындаған сұрақтар болса темір жол вокзалдарыныӊ анықтамалықтарына немесе 105 бірегей анықтама қызметіне телефон шалуға болады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны