25.04.2008, 18:20 3245

Қарағандыға бүгін кезекті жетінші "жасыл керуен" келіп жетті

Қарағандыға бүгін кезекті жетінші "жасыл керуен" келіп жетті

Қарағанды. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыға бүгін кезекті жетінші "жасыл керуен" келіп жетті, деп хабарлайды агенттік Қарағанды облыстық әкімшілігіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Нұрлан Нығматулиннің бастамасымен халықты жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету және өңірде бағаны тұрақтандыру мақсатында жыл сайын "жасыл керуен" бағдарламасы жүзеге асырылады. Осы мақсатпен облыстағы "Агро-Консалтинг-К" кәсіпорны Тәжікстан мен Өзбекстанның ауылшаруашылығы тауарын өндірушілермен Қарағанды облысына жалпы салмағы 1800 тонна жаңа піскен көкөніс жеткізу жөнінде шарт жасасты.

Бүгін "КамАЗ" жүк көліктері 120 тонна қызанақ, қияр, сәбіз, картоп, қырыққабақ пен пияз жеткізді.

Өнім коммуналдық базарларда нарықтағы бағадан 30 - 40% арзанға сатылуда.

Жалпы алғанда Қарағандыға 900 тоннаға жуық көкөніс жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны