30.05.2017, 16:39 2444

Қарағандылық кәсіпкерлер "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруға бір миллиард теӊге жұмсауды көздеп отыр

Қарағандылық кәсіпкерлер Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласында айтылған "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алды.

Қарағанды. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Қарағандылық кәсіпкерлер Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласында айтылған "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алды. Бизнесмендер әлеуметтік бастамаларымен қоса балалар алаӊқайларын салу, балабақша ашу және жаӊа саябақтарды абаттандыруға бел шешіп кірісіп кетті. Аймақ кәсіпкерлері абаттандыру жұмыстарына бір миллиард теӊге жұмсауды көздеп отыр,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қарағанды қаласындағы ірі сауда ойын-сауық орталығыныӊ инвесторы Олег Власов облыс әкімі Ерлан Қошановқа өздерініӊ маӊайындағы аумақты абаттандыру жобасын таныстырды.

- Ирбір қазақстандық үшін өзіне тиесілі аумақты - үй, офис, бизнес нысаны болсын тиісінше ұқыпты ұстау басты міндет деп есептеймін. Он жыл бұрын осы моллды салғанда, ол еліміз бойынша еӊ үздік сауда орталықтарыныӊ бірі болатын. Алайда қазір оны қайта жөндеу керек болып тұр. Сондықтан біз оныӊ аумағын абаттандырудан бастайық деп шештік. Осылайша, "Туған жер" бағдарламасын қолдаймыз, - деді кәсіпкер.

Бұл бастаманыӊ арқасында Қарағандыныӊ орталығында екі жаӊа субұрқақ пайда болады: "құрғақ" - оныӊ ағысы жерден шашырап тұрады және екіншісі - сарқырама субұрқақ болады. Сонымен қатар сауда орталығыныӊ алдындағы алаӊда кішігірім амфитеатр, велосипед пен скейтбордистерге арналған рампа және балалар алаӊқайы салынады.

- Қайта қалыпқа келтіру жұмыстарын біз қазіргі таӊда қолымызда бардан бастай береміз. Анағұрлым ыӊғайлы тұрақ жасаймыз, қазіргіні кеӊейтеміз. Мұнда көшеттер отығызылады. Қаланыӊ тұрғындары мен қонақтары үшін бұл жерде серуендеу ұнайды деп ойлаймыз. Абаттандыруда қазіргі заманғы материалдарды пайдаланамыз, - деді жоба авторы, сәулетші Роман Шнайдерман.

Абаттандырылған аумақтыӊ жалпы ауданы - 1,6 гектар. Көгалдандырылатын аумақ - 3300 шаршы метр. Сауда-ойын-сауық орталығыныӊ маӊына 280 ағаш пен 60 тал-шілік отырғызылады. Жөндеу жұмыстары жазда аяқталады деп жоспарланып отыр.

- Сіздерге алғыс айтқым келіп отыр. Бұл - Қарағандыда "Туған жер" бағдарламасын іске асырып отырған алғашқы жоба. Жалпы, облысымыз бойынша кәсіпкерлер абаттандыру жұмыстарына бір миллиард теӊге жұмсауды көздеп отыр. Меніӊ ойымша, кеншілер күніне орай қарағандылықтарға жақсы сыйлық болады. Осы секілді бастамаларды барлық сауда орталықтары мен супермаркеттер жалғастырып алып кетуі керек деп ойлаймын, - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Өз кезегінде кәсіпкер Астанада тұрып жатқанына қарамастан, Қарағандыдағы өзі өскен ауланы да жөндеп беруге уәде берді.

Сондай ақ облыс әкімі Ерлан Қошанов этносаябақ аумағында орналасқан "Ақ сарай" жаӊа мейрамхана кешенініӊ ғимаратын көріп қайтты. Бұл нысан иесі Болат Қожақпаев Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласында айтылған "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ғимараттыӊ бір бөлігін Қазыбек би атындағы ауданныӊ АХАЖ бөліміне ұзақмерзімді жалға тегін беруді ұйғарған.

- Меніӊше, егер бір затпен бөлісе алсаӊ, неліктен солай істемеске? Мен өзім Қарағанды облысында өстім. Осы жердіӊ жастары үшін үлкен өмір жолын бастауда лайықты ғимарат болғанын қалаймын. Енді жас жұбайлар өздерініӊ некесін әсем залда қия алады, - дейді кәсіпкер.

Жас жұбайларды АХАЖ бөлімі осы жазда қабылдаймыз деп жоспарлап отыр. Мамандар күн сайын Қарағандыныӊ әр аудандарынан, тіпті басқа қалалардан келген елу жұптыӊ некесін қияды. Салтанатты шараныӊ бағасы сол күйінде қалады.

Сарайда орналасқан мейрамханаға келер болсақ, ол Қарағанды бойынша еӊ үлкен болуы мүмкін. Оныӊ ауданы 16 500 шаршы метрді құрайды. Онда 400 және 600 орынға шақталған екі банкет залы, төрт караоке-залы және шығыс асүйі бар меймархана болады.

Сонымен қоса ғимаратта екі залы бар кинотеатр мен балаларға арналған ойын-сауық алаӊы ашылады. Мейрамхананыӊ алдына әсем субұрқақ салынады. Оныӊ жанында қонақтар мен жас жұбайлар суретке түсе алады.

- Осыған дейін субұрқақ анда-санда жұмыс істеп тұратын. Алайда осы жылы қала басшылығымен бірге біз ол субұрқақ әрдайым істеп тұруы керек деп шештік. Біз оны жөндедік, енді ол қонақтар мен тұрғындарды қуантатын болады, - дейді Болат Қожақпаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны