26.02.2016, 12:37 7101

Қарағандылық көлік полицейлері "Құқықбұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік" акциясын өткізді

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп, барлық теміржолға жақын орналасқан қала мектептерінде оқушылар үшін құқықтық тақырып бойынша әӊгіме, дәріс және дөӊгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖБ-ныӊ аумағында "Құқықбұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік" кеӊ ауқымды акциясы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Құқықбұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік" кеӊ ауқымды акциясыныӊ аясында әкімшілік жауапкершілікке 49 құқықбұзушы тартылды. Олардыӊ ішінде, ИҚБ туралы ҚРК 434 бабы бойынша (ұсақ құқық бұзушылық) - 10, ИҚБ туралы ҚРК 440 бабы 1 б. бойынша (ішімдік ішу) - 19, ИҚБ туралы ҚРК 441бабы 1 б. бойынша (темекі шегуге тиым салуды бұзу) -7, ИҚБ туралы ҚРК 204 бабы бойынша (белгіленбеген орындарда сауда жасау) - 7, басқа да баптар бойынша-6.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп, барлық теміржолға жақын орналасқан қала мектептерінде оқушылар үшін құқықтық тақырып бойынша әӊгіме, дәріс және дөӊгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.

Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖБ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны