26.09.2006, 16:57 2936

Қарағандылық металлургтар жалақыны көтеру жөніндегі талаппен митингіге шықпақшы

ҚАРАҒАНДЫ. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Миттал Стил Теміртау" АҚ-ның металлургтары 30-қыркүйекте жалақыны 40 процентке көтеру жөніндегі талаппен митингіге шықпақшы, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі кәсіпорынның кәсіподақ ұйымына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар шараға 5 мыңдай адам шығады деп межелеуде.

Металлургиялық комбинаттың кәсіподақ комитетінен хабарлағанындай, зауыт жұмысшылары келіссөздердің көмегімен жалақы көлемін көтеруге қол жеткізбек болған. Алайда, "Arcelor - Mittal" компаниясының президенті Лакшми Миттал өз менеджерлері арқылы "ешкімде ақша жоқ, өнім өтпей қалды, бұл - мүлдем жалақы көтеретін уақыт емес",- деп хабарлаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны