13.04.2016, 16:12 3947

Қарағандылық оқушы - Билл Гейтс грантын жеӊіп алған тұӊғыш қазақстандық

Қарағандыдағы № 38 мектептіӊ оқушысы Дарья Андрейченко Билл Гейтс атындағы стипендияны ұтып алды. Изірге ол - мұндай мәртебеге ие болған Қазақстандағы бірінші адам

Қарағанды. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағандыдағы № 38 мектептіӊ оқушысы Дарья Андрейченко Билл Гейтс атындағы стипендияны ұтып алды. Изірге ол - мұндай мәртебеге ие болған Қазақстандағы бірінші адам, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Енді алғыр қыз әлемдегі еӊ үздік оқу ордаларыныӊ бірі Дьюк университетінде білімін шыӊдайды. Бірер айдан соӊ мектеп қабырғасын тәмамдайтын Дарья Андрейченко әрі қарай білімін қайда шыӊдайтынын алдын ала шешіп қойған. Ағылшын тілін жетік меӊгерген алғыр қыз Билл Гейтс атындағы стипендияны ұтып алып, әлемдегі еӊ үздік университеттердіӊ бірінде оқуын жалғастыратын болды, деп жазады khabar.kz.

"Бұл университетте талап өте жоғары. 32 мыӊ адамныӊ арасынан іріктеп, тек 1700 адамды ғана оқуға қабылдайды. Соныӊ бірі болғанымды мақтан тұтамын. Оныӊ үстіне грант ұтып алдым. Бұл әлем бойынша тек 8 адамға ғана беріледі. Маған бұл жаӊалықты айтып хабарласқанда, әуелі сенбедім. Біреулер қалжыӊдап тұрған шығар деп те ойладым. Бірақ жеӊісім шын болып шықты", - дейді Дарья Андрейченко.

Дарья ел қатарлы ұлттық бірыӊғай тест тапсырмайтын болды. Оныӊ орнына ол америкалық САТ емтиханын тапсырып, сыннан сүрінбей өтті. Нәтижесінде бес бірдей университеттен шақырту келген.

"Міне, мені бірден 5 университет оқуға қабылдады. Соныӊ ішіндегі еӊ беделдісі - Дьюк университеті. Ал мынау Вандербилд білім ордасынан келген шақырту", - дейді ол .

"Дарья жастайынан алғыр, еӊбекқор болды", - дейді анасы. Ақыры соныӊ жемісін көрді. Ол - тек оқуда ғана озат емес, мәнерлеп сырғанаудан да спорт шебері. Ресей мен Қазақстанда өткен бірнеше байрақты додаларда топ жарған.

"Дарья үнемі ізденісте жүреді. Оқудан жалыққан емес. Нәтижесінде үлкен жеӊіске қол жеткізді. Мен оған шамам келгенше үнемі қолдау көрсетіп отырамын. Армандар орындалады деген рас", - дейді қызыныӊ жетістігіне қуанған Марина Андрейченко.

Маусым айында Дарья мұхит асып, жаӊа ортаға түседі. Америкадағы оқуын тәмамдаған соӊ бірден елге оралып, осында еӊбек етуді жоспарлап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны