24.08.2017, 14:47 3173

Қарағандылық педагогтар олимпиада жүлдегерлерін дайындағаны үшін гранттар алатын болады

Қарағанды облысында жаӊа оқу жылынан бастап республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жарыстардыӊ жеӊімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдер ынталандырмақшы. Бұл білім қызметкерлерініӊ дәстүрлі тамыз конференциясы барысында белгілі болды.

Қарағанды. 24 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында жаӊа оқу жылынан бастап республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жарыстардыӊ жеӊімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдер ынталандырмақшы. Бұл білім қызметкерлерініӊ дәстүрлі тамыз конференциясы барысында белгілі болды.

- Бізде ұстаз беделін, мұғалімдердіӊ шығармашылық жұмысқа деген ынтасын көтеруге бағытталған бірқатар ұсыныстар бар.Біріншіден, республикалық, халықаралық деӊгейдегі олимпиадалар мен жарыстардыӊ жеӊімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған педагогтарға грант тағайындау.Екіншіден,мұғалімдер арасында олимпиада өткізу. Марапаттау нәтижесінде 30 жеӊімпаз бір айға шетелге тәжірибе алмасуға жіберіледі, - деді облыстық білім басқармасыныӊ бастығы Асқат Аймағамбетов.

Облыс әкімі Ерлан Қошанов бұл бастаманы қолдады. Бірақ, конференцияда сыйақы мөлшері нақтыланбады. Бұл ұстаздар үшін жағымды тосын сый болады деп есептелді.

Аймақ басшысы қалалар мен аудан әкімдеріне жас ұстаздарды қолдау бағдарламасын жасауды тапсырды. Ирбір маман әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен бірге, облыста педагог мамандардыӊ электронды биржасы құрылатын болады. Аймағымызда математика, физика, химия және биология пәндерініӊ мұғалімдері жетіспейді.

- Электронды биржа бос жұмыс орындарын уақытылы толтыруға және қажеттілікті болжап отыруға мүмкіндік береді. Бірыӊғай бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеуші педагогтар базасы қалыптасатын болады. Бұл мектеп директорларына неғұрлым маманданған педагог кадрларын таӊдауға мүмкіндік береді. Және еӊ бастысы - электронды базаныӊ құрылуы жұмысқа қабылдаудыӊ ашықтығын қамтамасыз етеді,- деді Асқат Аймағамбетов.

Және тағы бір жоба басшылылардыӊ біліктілігін көтеруге бағытталған. Ол-Қарағандыныӊ мектеп директорларын бюджет қаржысы есебінен шетелге тәжірибе алмасуға жіберу.

-Шындығында, көп естіп, оқығаннан, бәрін өз көзімен көру әлдеқайда артық, - деді ұсынысты қостаған Ерлан Қошанов, - Сондықтан, мектеп директорлары жұмыс нәтижелі болуы үшін әріптестерініӊ тәжірибесін үйренуі, білуі қажет. Біз Сіздерді бұл мәселеде қолдаймыз. Еліміздіӊ, жақын және алыс шетелдердіӊ үздік мектептеріне тәжірибе алмасуға жіберу бағдарламасын бір айдыӊ ішінде жасауды тапсырамын. Сонымен бірге, педагогтарды аттестациядан өткізудіӊ жүйесін қайта қараӊыздар. Бізге электронды үлгіде рәсімдеуге көшу қажет.

Конференцияда аймақ басшысы қоғамдағы ұстаздыӊ рөлі мен маӊызын баса айтты.

-Мен өзім педагогтар отбасында өскендіктен, мұғалімніӊ еӊбегіне зор құрметпен қараймын. Педагог болу - жауапкершілікті, күрделі әрі құрметті іс. Мұғалім адамныӊ қалыптасуына және оныӊ тағдырына ықпал етеді, - деді Ерлан Қошанов - Уинстона Черчиллдіӊ "Мектеп мұғалімдері премьер-министр армандайтындай билікке ие" деген сөзі тегін емес. Елбасыныӊ білімге, бәсекеге қабілеттілікке және ұлтымыздыӊ болашағын тәрбиелеуде алға қойған тапсырмасын орындау тікелей Сіздердіӊ еӊбектеріӊізге байланысты.

Конференция үздік педагогтарға ҚР Білім және ғылым министрлігі мен облыс әкімініӊ марапаттауларын тапсырумен аяқталды. Ал, жас мамандарға ноутбуктер тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны