21.07.2015, 10:56 2758

Қарағандылық полицейлер, үркітіп-қорқыту арқылы жасөспірімдердіӊ жалаӊаш фото және видеоларын жинайтын азаматты заманауи технологияларды пайдалана отырып анықтап, қолға түсірді.

Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарамасыныӊ жедел уәкілдері жасөспірімдерді қорқытып, өздерініӊ жалаӊаш күйдегі суреттерін фотоаппаратқа және видеоға түсіріп, "Whats App" арқылы жіберуге мәжбүрлеген 34 жастағы ер азаматты қала орталығында қолға түсірді

Қарағанды. 21 Шілде. Kazakhstan Today - Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарамасыныӊ жедел уәкілдері жасөспірімдерді қорқытып, өздерініӊ жалаӊаш күйдегі суреттерін фотоаппаратқа және видеоға түсіріп, "Whats App" арқылы жіберуге мәжбүрлеген 34 жастағы ер азаматты қала орталығында қолға түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ішкі істер департаментіне жасөспірімдердіӊ ата-аналарынан белгісіз адамныӊ тарапынан балаларына сексуалды сипаттағы күш көрсеткені туралы арыздар түскен. Ата-аналар арызбен бірге сөздерініӊ дәлелі ретінде аталған белгісіз азаматпен хат алмасқан балаларыныӊ ұялы телефонын көрсеткен.

Белгісіз азаматтыӊ жеке тұлғалық мәліметтерін және мекен-жайын анықтап, қолға түсіру мақсатында тәртіп сақшылары ішкі істер органдарыныӊ қолданысындағы заманауи технологияларды пайдаланды.

Қала орталығында, күндізгі уақытта облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарамасыныӊ жедел уәкілдері күдіктіні қолға түсіру операциясын жүргізді. Күдікті азамат қала орталығындағы құрылыс нысандарыныӊ бірінде күзетші болып жұмыс істеп жүріп, бос уақытын жасөспірімдермен хат жазысуға арнаған. Иріптестерініӊ арасында мұндай әрекетіне байланысты күдік тудырмаған.

Күдікті өз күнәсін жоққа шығармады, себебі құрықталған сәттіӊ өзінде оныӊ ұялы телефонына хаттар келіп жатқан.

Бүгінгі таӊда ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны