10.03.2017, 18:29 6088

Қарағандылық зейнеткер ЭКСПО-2017 көрмесінде өз жобасы бойынша жасалған "ұшатын амфибияны" таныстымақшы

Өнертабыс иесі облыс басшысыныӊ қабылдауында болып, өз жобасын таныстырған. Нұрмұхамбет Ибдібеков "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамыныӊ төрағасы Ахметжан Есімовпен сөйлесіп көруге уәде берді.

Қарағанды. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандылық зейнеткер Қазбек Сыздықов өмір бойы типографияда жұмыс істеген. Бірақ ол әрқашан да машина жасауға әуес болған. Көп жыл бойы кітап оқып, сызбаларды қарап, осы өнердіӊ қыр-сырын өз бетінше меӊгерген. "Ұшатын амфибия" - ұшақтай тігінен жоғары ұшып, көкте қалықтайтын және қазіргі заманғы көліктер секілді жүретін, суда жүзетін автомобиль оныӊ еӊбегініӊ жемісі болып табылады.

- Жобаны жасауға көп жыл жұмсадым, оған патент алдым, - дейді Қазбек Нөгербекұлы. - Өзіндік құны тікұшақтыӊ қазіргі бағасынан төмен. Егер мені ЭКСПО-ға жіберсе, онда ғылыми-техникалық революция болады.

Жоба авторыныӊ пайымдауынша, "амфибияныӊ" көлемі қарапайым жеӊіл көлікпен бірдей, қарапайым басқарылады. Үйреншікті "баранканыӊ" орнында велосипед рулі, беріліс қорабы да барынша ықшамдалады. "Амфибияныӊ" бір ғана қалақтан құрастырылған пропеллері бар.

Өнертабыс иесі облыс басшысыныӊ қабылдауында болып, өз жобасын таныстырған. Нұрмұхамбет Ибдібеков "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамыныӊ төрағасы Ахметжан Есімовпен сөйлесіп көруге уәде берді. Сонымен қатар, облыс басшысы "ұшатын амфибияныӊ" 3D макетін жасау үшін Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетініӊ мамандарына жүгінуді ұсынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны