11.04.2018, 16:24 3685

Қарағандылық жас өнертапқыш тірек-қимыл мүшелері жарақаттанған адамдар үшін экзоскелет құрылғысын жасады

Литвинов Қарағанды мемлекеттік медицина университетініӊ 6-шы курс студенті және ол байқауға Қазақстанныӊ атынан шығатын жалғыз өнертапқыш емес. Қазақстан делегациясыныӊ құрамында серпінді және инновациялық идеялары бар 10 адам бар

Қарағанды. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Интерн-хирург Вячеслав Литвинов "ТМД-ға 100 идея" халықаралық көрмесіне қатысады, онда ол тірек-қимыл мүшелеріне зақым келген адамдарға және өз еркімен қозғалу мүмкіндігін жоғалтқан адамдар үшін экзоскелеттерді қалпына келтірудіӊ портативті үлгілерін жасау және іске асыруға бағытталған жобасын ұсынады.

Литвинов Қарағанды мемлекеттік медицина университетініӊ 6-шы курс студенті және ол байқауға Қазақстанныӊ атынан шығатын жалғыз өнертапқыш емес.

Қазақстан делегациясыныӊ құрамында серпінді және инновациялық идеялары бар 10 адам бар. Олар Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және "Болашақ" қауымдастығы ұйымдастырған "Жастар Отанға" инновациялық идеялары мен жобалары фестивалініӊ қорытындысы бойынша үздік жұмыстардыӊ авторлары болып табылады.

Аталған ауқымды көрме 2018 жылғы 11-13 сәуір аралығында Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өтеді. Іс-шара ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ жастарын елдерініӊ экономикалары мен ұзақ мерзімді инновациялық даму мәселелерін шешуге, ғылыми, инновациялық және әлеуметтік-экономикалық салаларды дамытуға үлестерін қостыру мақсатында ұйымдастырып отыр.

Қазақстанныӊ атынан қатысушылар "Меніӊ елім Достастықта", "Қауіпсіздік", "Илеуметтік сала", "Жанды жүйелер", "Наносистемалар өнеркәсібі", "IT-саласы", "Авиация және ғарыш және көлік жүйелері", "Медицина және денсаулық сақтау" номинациялары бойынша өздерініӊ дайындаған жобаларыныӊ түпнұсқаларын көрсететін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны