12.04.2016, 13:00 3984

Қарағандылық жас тәртіп сақшылар ант қабылдады.

2016 жылдыӊ 12-ші сәуірінде Қарағанды қаласыныӊ Олимпиский көшесінде ішкі істер департаментіне қарасты басқармалар мен бөліністердіӊ 800 -ге жуық қызметкері салтанатты шеру жасап, 40 -жас қызметкер ант қабылдаса, 9-полиция қызметкеріне алғашқы арнаулы атақтары берілді

Қарағанды. 12 сәуір. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 12-ші сәуірінде Қарағанды қаласыныӊ Олимпиский көшесінде ішкі істер департаментіне қарасты басқармалар мен бөліністердіӊ 800 -ге жуық қызметкері салтанатты шеру жасап, 40 -жас қызметкер ант қабылдаса, 9-полиция қызметкеріне алғашқы арнаулы атақтары берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Салтанатты шараны облыстық Ішкі істер департаментініӊ бастығы полиция генерал -майоры Жаппаров Мергенбай Баймендіұлы ашып, жас қызметкерлерге алдыӊғы буын ағалардыӊ ізін жалғап, қызметтерін адал атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау саласында ел тыныштығы үшін аянбай еӊбек етулерін басты назарға салып, алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, жас қызметкерлерді ант қабылдау салтанатты шарасымен Қарағанды облысы Ішкі істер органдары және Ұлттық Ұлан ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Жқман Нұрпейсовте құттықтады. Шара барысында жас қызметкерлердіӊ ант қабылдау шарасын көруге келген туған -туыстарына жылдам қыймылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерініӊ көрнекі жаттығулары көрсетіліп, іс-шара соӊы полиция қызметкерлерімен арнайы техникалардыӊ шеруімен аяқталды.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны