13.10.2011, 16:45 4071

Қарағандылықтар Астанада өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесінде 115 тонна ет және 450 тонн картоп сатқан

Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, екі күн ішінде астана тұрғындары 115 тонна ет, 450 тонна картоп, 230 тонна көкөністер, 17 тонна сүт өнімдерін, 8 тонна балық, 3 тонна қымыз, 1 млн дана жұмыртқа сатып алған.

Қарағанды. 13-қазан. Kazakhstan Today - Қарағандылықтар Астанада өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесінде 115 тонна ет және 450 тонн картоп сатқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлаған.

"Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, екі күн ішінде астана тұрғындары 115 тонна ет, 450 тонна картоп, 230 тонна көкөністер, 17 тонна сүт өнімдерін, 8 тонна балық, 3 тонна қымыз, 1 млн дана жұмыртқа сатып алған. Айта кетерлік бір жәйт, ет, жұмыртқа, сүт, балық және қымыз жоспарланған көлемнен артық сатылған",- деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны