12.06.2007, 18:11 3158

Қарағандының аудандық соты бұрынғы әкім Литвиновты ақтады

ҚАРАҒАНДЫ. 12 - маусым. Kazakhstan Today. Қарағандының аудандық соты бүгін қаланың бұрынғы әкім Литвиновты ақтау туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сот Литвиновты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 308-бабының 4-тармағының, "в" тармақшасы, 314-бабының 3-тармағы бойынша айыпты емес деп тану туралы үкім шығарды. Литвинов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 376-бабының 2-тармағының, 2 тармақшасының негізінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталсын. Жаза шарасы - қаладан шықпау туралы қолхаттың күші жойылсын",- деп сот үкімін оқыды судья Сергей Шапель.

Естеріңізге сала кетейік, Ю. Литвинов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айыпталған: 308 (билікті асыру пайдалану), 314 (қызметтік бабын пайдаланып жалған құжат жасау және 315 (қызмет бабындағы әрекетсіздік).

Атап айтқанда, өткен жылы оған орталық саябақтың аумағын заңсыз өзгертті, сонымен қатар өткен ғасырдағы жапондық әскери тұтқындардың салған және сәулет ескерткіші болып табылатын Жазғы театр ғимаратын бұзуға рұқсат беругені үшін айып тағылған болатын. Бұл заң бұзушылықтардың барлығын прокуратура өткен жылы анықтаған болатын. Қылмыстық істің материалдары жеті томды құраған. Мемлекеттік айыптаушы Ю. Литвиновты төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

Үкімді жариялай отырып, С. Шапель Жазғы театр 1975 жылдан бастап пайдаланылмағандығын атап өтті. 1998 жылы Жазғы театрдың порталы жаңаланған және де тарихи құндылығы жоқ, ал оны 2006 жылы басқа жерге - Тәуелсіздік саябағына ауыстырған болатын, қалаға ешқандай шығын келмеген. Енді, соттың айтуынша, Жазғы театр орнына қазақ драматеатрының жаңа ғимараты бой көтеруде.

Сонымен қатар, соттың пайымдауынша, Ю. Литвиновта саябақ зонасының аумағын өзгерту ниеті болмаған. Процесс барысында белгілі болғандай, бұрынғы әкім саябағының шекарасын заңдастырмақ болып жоспарлаған. Ю. Литвиновтың әкім кезінде қолы қойылған қаулыны кеңседе тіркеп үлгермеген, номерге қатысты былыққа оған әкім емес құжаттаумен айналысатын бөлім кінәлі.

Қадағалау органдары сот шешіміне шағымдана ма, ол әлі белгісіз. "Прокуратура сот үкіміне наразылық таныту туралы мәселені қарастырады",- деді журналистерге облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Нұрбек Құзбақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны