19.12.2007, 15:42 2608

Қарағандының бұрынғы әкімі шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айрылды

Қарағандының бұрынғы әкімі шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айрылды

Қарағанды. 19-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қарағандының аудандық сотының судьясы қаланың бұрынғы әкімі Юрий Литвиновты шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мемлекеттік айыптаушы төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Сот шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бір жыл сынақ мерзімі және де бір жыл бойы жауапты мемлекеттік лауазымда қызмет атқаруға болмайды",- деп хабарлады судья Ербол Абжанов.

Бұрынғы әкімді Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 308-бабының 4-тармағының "в" (өз пайдасы үшін лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану) мен 314-бабының 3-тармағы (қызмет бабын пайдаланып жалған құжат жасау) бойынша айыпты деп танылған.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қарағандының аудандық соты үстіміздегі жылдың 12-маусымында қаланың бұрынғы әкім Литвиновты ақтау туралы үкім шығарған болатын. Ю. Литвинов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айыпталған: 308 (өз пайдасы үшін лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану), 314 (қызметтік бабын пайдаланып жалған құжат жасау) және 315 баптары (қызмет бабындағы әрекетсіздік).

Атап айтқанда, өткен жылы оған орталық саябақтың аумағын заңсыз өзгертті, сонымен қатар өткен ғасырдағы жапондық әскери тұтқындардың салған және сәулет ескерткіші болып табылатын жазғы театр ғимаратын бұзуға рұқсат беругені үшін айып тағылған болатын. Бұл заң бұзушылықтардың барлығын прокуратура өткен жылы анықтаған болатын.

Қылмыстық істің материалдары жеті томды құраған. Ю. Литвинов өз кінәсін мойындамаған болатын. Бірінші сот талқылауы барысында судья С. Шапель үстіміздегі жылдың 12-маусымында қаланың бұрынғы әкім Литвиновты ақтау туралы үкім шығарған болатын. Бірақ прокуратура бұл шешімге қарсы наразылық танытып, іс сотқа қайта жіберілген болатын.

Прокуратура бес күн ішінде үкімнің көшірмесін алады, осыдан кейін қадағалау органы соттың осы жолғы шешіміне қарсы наразылық таныту-танытпауы туралы шешім қабылдайтын болады. Литвиновтың адвокаттары да судья Е. Абжановтың шешіміне наразылық таныту туралы белгілі тоқтамға келген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны