24.03.2020, 23:28 7062

Карантин уақытында елорданың сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді

Коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу жөніндегі жедел штабтың шешімімен елордада карантин кезеңінде ірі сауда нысандарының, сауда орталықтары мен отбасылық орталықтардың, әмбебап заттар сатылатын базарлардың, көлік жуу, қызмет көрсету станцияларының қызметі уақытша тоқтатылады

Алматы. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу жөніндегі жедел штабтың шешімімен елордада карантин кезеңінде ірі сауда нысандарының, сауда орталықтары мен отбасылық орталықтардың, әмбебап заттар сатылатын базарлардың, көлік жуу, қызмет көрсету станцияларының қызметі уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сауда және интеграция министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес кезеңдегі сауда объектілерінің жұмыс істеуі жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

Сауда және интеграция министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген ұсынымдар карантин режимі қолданылатын аудандарда немесе тиісті аймақ әкімдерінің, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің шешімі бойынша қосымша шектеу шаралары енгізілген аумақтарға қолданылмайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны