10.10.2007, 16:18 2931

Қарашада Шығыс Қазақстан облысы мен Трнава аймағы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылады

Қарашада Шығыс Қазақстан облысы мен Трнава аймағы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылады.

Өскемен. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қарашада Шығыс Қазақстан облысы мен Словакияның өзін-өзі басқаратын Трнава аймағы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, меморандумды дайындау және оны келісу мәселелерін облыс әкімі Жәнібек Кәрібжанов пен Словакия Республикасының Қазақстан мен Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Душан Подгорски бүгін Өскеменде талқылады.

Қазақстан облысы мен Словакияның өзін-өзі басқаратын Трнава аймағы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы 21 қарашада Словакия Республикасына жасайтын сапары барысында қол қойылады деп күтілуде.

Бүгінгі кездесу барысында тараптар бұл құжаттың Қазақстан мен Словакия арасындағы ынтымақтастықты аймақтық деңгейде нығайту жолындағы маңызды қадам болатындығын атап өтті. "Біздің облыстарымыздың экономикасы бірін-бірі толықтырады, сол себепті біз түрлі бағыттар бойынша қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайынбыз", -деді Ж. Кәрібжанов.

Сапар барысында Словакия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі "Азия-Авто" АҚ, "УМЗ" АҚ мұражайы мен "Восток-молоко" АҚ-ында болып, облыстың ауылшаруашылығы департаментінің және облыстық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының басшылығымен жүздесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны