25.05.2007, 13:48 3091

"Караван" газеті соттың басылым іс-қызметін тоқтату туралы шешіміне қарсы шағымданбақшы

АЛМАТЫ. 25-мамыр. Kazakhstan Today. "Караван" апталығы Алматы қалалық мамандандырылған экономикалық сотының басылым іс-қызметін тоқтату туралы шешіміне қарсы шағымданбақшы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Агенттік тілшісіне "Алма-Медиа" баспа үйінің заң жөніндегі аға кеңесшісі Светлана Шамычкованың хабарлауынша, Бас прокуратура өкілі басылымға Алматы қалалық мамандандырылған экономикалық сотының "Караван" газетінің іс-қызметін 24-мамырдан бастап үш айға тоқтату туралы судья Белобородова қол қойған анықтамасын табыс еткен.

"Соттың анықтамасында қабылданған шешімнің себебі айтылмаған. Азаматтық іс бойынша тарап ретінде газет сотқа шақырылған жоқ. Соттан ешбір хабарландыру хат, ескерту қағазы немесе шақыру, Бостандық аудандық прокуратурасының шағым талабының мәні туралы ақпар берілген жоқ. Шешімге кешегі күні қол қойылған және газеттің кезекті саны шығардан бір күн бұрын, кеше шығарылған",- деді заңгер.

С.Шмычкованың түсініктемесіне сәйкес, басылым басшылығы "прокурор шағымына қатысты материалдармен танысу үшін сотқа шақырылуға, даулы мәселелер бойынша өз қарсылығын білдіруге мүмкіндік алуға" тиіс болатын. "Алайда, сот біздің процессуалдық құқығымызды бұзып, біз жоқ жерде анықтама шығарды",- деді кеңесші.

"Біз бұл анықтамаға қарсы шағым түсірмекшіміз. Қалалық сот аталмыш процессуалдық құжатқа обьективтік баға береді деп сенеміз. Өйткені, "Караван" газеті заң бұзған емес. Біздің пайымдауымызша, сотта мұндай шешім қабылдауға құқықтық негіз болмаған",- деді С.Шмычкова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны