01.06.2007, 14:40 2898

"Караван" газетінің сайты жабылды; сот орындаушылары басылым соттың газеттің шығуына тыйым салу туралы анықтамасын орындамай отыр деп санауда

АЛМАТЫ. 1-маусым. Kazakhstan Today. "Караван" газетінің басшылығына тілшілердің басылып шығарылмаған материалдарын газеттің интернет-сайтына шығарғандығы себепті газеттің шығуына тыйым салу туралы сот анықтамасын бұзып отырғандығы және сондықтан сайтты жабу туралы жазылған сот орындаушыларының ескертуі келіп түскен. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Алма-Медиа" баспа үйінің заң жөнідегі аға кеңесшісі Светлана Шамычкова хабарлады.

"Сот орындаушылары арнайы ауданаралық экономикалық сотының анықтамасы газеттің тек баспа түріне ғана емес, сондай-ақ электрондық түріне де қатысты деп санауда", - деп хабарлады С. Шамычкова. Ол сайтты жабу үшін соттың түсіндірмесін алу қажет болғандығын жеткізді.

"Мәселе прокурор өзінің басылымды шығаруды тоқтату туралы шағымында тіркеу нөмірі бар баспа құралы туралы айтқан. Сондықтан сот шағымдық талаптар шеңберінен шығуға құқығы болмауы себепті типографиялық әдіспен газеттің шығуына тыйым салған", - деді заң жөніндегі кеңесші. Ол, сонымен қатар, "сот орындаушысы соттың анықтамасын өздігінше түсінген" деді.

Қазіргі уақытта, "Караван" газетінің басшылығы Алматы қалалық соттар әкімшілігінің сот орындаушысына анықтаманы түсіндіру үшін сотқа сұрау салу туралы өтініш білдірген хат жіберді.

Сонымен қатар, бүгін Caravan.kz домендік атауын қолдауды Қазақстан желілік ақпарат орталығының тоқтатуы заңдық тұрғыдан алғанда негізсіз болып отыр. Себебі, Kaznic Алматы қалалық ауданаралық арнайы экономикалық сотының анықтамасына жүгінген. Онда аталмыш доменді жабу туралы еш мәселе қозғалмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны