03.01.2018, 14:34 5035

Кәрім Көкірекбаев Ұлы Отан соғысыныӊ ардагеріне пәтер кілтін сыйлады

Жамбыл облысыныӊ әкімі Кәрім Көкірекбаев Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері - Бүрбаев Базарбай қарияға "Арай-2" мөлтек ауданынан пәтер кілтін сыйлады.

Тараз. 3 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жамбыл облысыныӊ әкімі Кәрім Көкірекбаев Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері - Бүрбаев Базарбай қарияға "Арай-2" мөлтек ауданынан пәтер кілтін сыйлады.

Аймақ басшысы ардагерді келіп жеткен жаӊа жыл мерекесімен құттықтап, отбасына бақ-береке тілеп, гүл шоқтары мен жаӊа жылдық сыйлықтар табыс етті.

Еске сала кетейік, Бүрбаев Базарбай ардагер 1924 жылы 10 желтоқсанда Жамбыл қаласында дүниеге келген. 1942 жылы әскерге шақырылып, 393-атқыштар полкінде минометші болған. Манчжурия, Мугден, Харбин тағы басқа қалаларды азат етуге қатысқан. Үлкен Хинган тауындағы шайқасқа қатысып, "Қызыл Жұлдыз" орденімен, "Ерлігі мен қайсарлығы үшін", "Жапонияны жеӊгені үшін" медальдарымен марапатталған. Манчжуриядан 1947 жылы елге оралып, 1988 жылға дейін Жамбыл локоматив депосында машинист болып қызмет атқарған. "Еӊбек ардагері" медалімен марапатталған.

Айта кетерлігі, бүгін, жаӊа жыл қарсаӊында облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, сондай-ақ облыс әкімініӊ орынбасары Ғалымжан Ибдірайымов Шангараев Тиморян және Бердібаев Мұсахан атты қос ардагерге "Арай-2" мөлтек ауданынан пәтер кілттерін табыс етті, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны