19.06.2017, 11:41 4056

Қармақшы, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласына апат салдарынан үзілген жарық қайта берілді

Қармақшы, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласына апат салдарынан үзілген жарық қайта берілді

Қызылорда. 19 маусым. Kazakhstan Today - Сенбі күні сағат 21:25 шамасында Жалағаш ауданы, 5-разъезд тұсында егіс алқаптарына дәрі себу жұмыстары барысында АН-2 ұшағы абайсызда жоғары кернеулі 220 кВ электр желілеріне соқтығысып, салдарынан Қармақшы, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласында жарық беру уақытша ажыратылды.

Жөндеу жұмыстарына "Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы" АҚ жедел жұмылдырылды.

Нәтижесінде сағат 22:00 де Қызылорда қаласы бойынша жарық беру қайта іске қосылды. Ал, Қармақшы мен Жалағаш аудандарына сағат 00:20 да электр энергиясы толығымен берілді.

Зардап шеккендер тіркелген жоқ,- деп хабарлайды Қызылорда облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны