21.02.2007, 17:47 3006

Қаржы полициясы халықаралық "Болашақ" степендиясын тағайындау барысындағы бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады

АСТАНА. 21-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) президенттің халықаралық "Болашақ" степендиясын тағайындау барысындағы бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі отырысының аяқталуы бойынша өткен брифингте агенттік төрағасы Сарыбай Қалмырзаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Болашақ" степендиясы бойынша, көрсетілген ережеге сәйкес 4,5 төмен балл қарастырылмауға тиіс, бірақ 3,3 балл жинаған адамдар оған ие болған",- деді Сарыбай Қалмырзаев. Оның сөздеріне сүйенсек, қажетті балл жинай алмаған 30 адам президент степендиясын алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны