23.02.2010, 14:11 3280

Қаржы полициясы лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деп күдіктеніп отырған Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметтен шеттетілмейді - Алдабергенов

Қаржы полициясы лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деп күдіктеніп отырған Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметтен шеттетілмейді - Алдабергенов

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Қаржы полициясы лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деп күдіктеніп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметтен шеттетілмейді. Бұл туралы бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Нұрлан Алдабергенов үкіметтің отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ол әзірге қызметтен шеттетілген жоқ, неге десеңіз, оған қазір тағылып отырған айыптар оны қызметтен шеттеуге негіз бола алмайды. Бұл айыптар бойынша адам жұмыс істей бере алады, айып тағылған екі адам қазір өз міндеттерін атқарып жатыр", - деді Н. Алдабергенов.

Оның түсіндіруінше, агенттіктің жауапты хатшысына лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

"Оны лицензия беретін қызметкерлерге қысым көрсетті деп айып тағып отыр. Ұрлық туралы мәселе болып отырған жоқ. Лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану", - деді агенттік төрағасы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің лауазымды тұлғаларының үстінен лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны