21.09.2009, 16:36 2900

Қаржы полициясының ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғауға себеп болған жасырын хатты айыпталушылардың бірі жазған

Қаржы полициясының ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғауға себеп болған жасырын хатты айыпталушылардың бірі жазған

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қаржы полициясының ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғауға себеп болған жасырын хабарламаны айыпталушылардың бірі - "Меркурий плюс" ЖШС өкілі Иділбек Жайылғанов жазған. Бұл туралы күдіктінің өзі бүгін сот процессі барысында өзінің ресми мәлімдемесінде жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Маған Борис Меклер қоқан-лоққы жасап, өмірімнің жаман аяқталатынын айтып қорқытты. Ол мені екі аптаның ішінде жердің бетінен жоғалтып жіберемін деді", - деп түсіндірді И. Жайылғанов.

"Ол егер мен қандайбір әрекетке барып, қаржы полициясына "Меркурий плюс" ЖШС-нің бұдан былайға жұмысы жайлы хабар беретін болсам, өмірім жаман аяқталады деді. Шамалы уақыттан кейін мен қаржының ұрлану дерегі жайлы жасырын мәлімдеме жаздым", - деді И. Жайылғанов.

"Бұл менің әуел бастан-ақ қаржы полициясы органдарымен ынтымақтаса жұмыс істегенімді білдіреді, және менің айыпсыз екенімді дәлелдейді", - деді И. Жайылғанов.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 20 сәуірінде айыптау материалдары бойынша Нұрлан Ысқақов, И. Бралиев, З. Сәрсенбаев, Т. Савицкая, А. Жайылғанов, В. Лайсқа қызметтік өкілеттіліктерін пайдаланып бюджет қаржысын жымқыруға түрлі жолдармен қатысты және мемлекеттік сатып алулар кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану арқылы мемлекетке 1 млрд 172 млн 665 мың теңге көлемінде шығын келтірді деген айып тағылды.

Бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов пен "Меркурий плюс" ЖШС өкілі А. Жайылғановқа 1 сәуірде қызметтік өкілеттілігін пайдаланып 1 млрд 172 млн теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырды және мемлекеттік сатып алулар кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылды. "Сол күні алдын-ала тергеу барысында табылған дәлелдердің негізінде Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты Ысқақов пен Жайылғановты тұтқындауға санкция берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны