13.11.2006, 16:12 3392

Қаржылық бақылау комиеті ОҚО облыстық денсаулық сақтау қызметінде көптеген заң бұзушылықтарды анықтады

ШЫМКЕНТ. 13 қараша . Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінде көптеген қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облысқа әкелінген дәрі дәрімектің және медициналық жабдықтардың бағасы қымбаттатылып сатылған. Бұл жөнінде ВИЧ -індетімен күрес жөніндегі штабтың отырысында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті басқармасының бастығы Берікбай Рахманберді мәлімдеді.

Б.Рахманбердінің сөзіне қарағанда, "Медсервис Рихтер" ЖШС шет аймақта орналасқан аудандарға "рипсолет" препаратын 7500 , қала шетіне-7900 , басқа аудандарға 8400 теңгеден сатқан" . "Нәтижесінде бюджеттің шығыны 141,6 млн. теңгеге ұлғайып отыр"-деді ол.

Оған қоса, облыстың емдеу мекемелеріне препараттар көтермелі құнынан жоғары бағамен жеткізіліп тұрған. Баяндамада айтылғандай, "Мәселен, "Ақ Ниет" ЖШС "парацетамол" дәрісін 150 теңгеден сатқан, ал дәріханада оның бағасы 105 теңге тұрады, "сальбутамолдың" көтерме бағасы - 270 теңге , ал олар оны 500 теңгеден сатқан. Жалпы алғанда, шығын 2,2 млн. теңгеден асады".

Б.Рахманбердінің мәліметіне сәйкес, ауылдық жедел және шұғыл жәрдем қызметіне санитарлық көлік алу үшін биыл 116,2 млн. теңге бөлінген. Тендерді жеңіп алған "Айым МС"ЖШС қаражат бірден аударылған. Қаржылық бақылау басқармасы анықтағандай, бағаның көтерілгеніне байланысты тауармен қамтамасыз етушіге 16,5 млн. теңге артық аударылған. Алайда, "Айым МС" ЖШС әлі күнге дейін ауылдық емханаларға 51 млн. теңгенің 28 автокөлігін жеткізбеген.

Басқарманың ақпараты бойынша, қаржылық заң бұзушылықтар құрылыс саласында да анықталған.Тескеру барысында Жетісайда (Мақтаарал ауданы) аудандық орталық аурухана құрылысына 180,8 млн. теңге қосымша жазылғаны анықталған.

Б.Рахманберді есесіне алдыңғы қатардағы медициналық мекемелердің толықтай қаржыландырылмағанын айтады. "Облыстық және қалалық клиникалық ауруханалардың әр қайсысына 1,5 млрд. теңгеге кем қаражат бөлінген. Ал облыстық СПИД орталығына қажетті жабдықтар сатып алу үшін небәрі 0,7 млн теңге бөлінген, ал негізгі қажетті сома 7,7 млн. теңге болатын",-дейді басқарма бастығы.

Белгілі болғандай ауруханаларға бір реттік шприцтер де қажетті көлемде жеткізілмеген. Мәселен Шымкент қалалық № 2 перзентханаға бір жылға қажетті 274 мың шприцитің орнына небәрі 142 млн. данасы бөлінген, облыстық перинаталды орталыққа 29 мың емес, 1,7 мың шприц бөлінген. ВИЧ- індеті шыққан облыстық балалар ауруханасында есеп беру құжаттарында көрсетілмеген, көп рет қолданатын шприцтермен тамырдан екпе жасаған. Баяндамада көрсетілгендей, "Дәрігерлердің айтуынша, инелерді өз қаражаттарына сатып алып , бірнеше мәрте пайдаланған".

Штабқа төрағалық етіп отырған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ислам Ибішев құқық қорғау органдары қызметкерлеріне тендерге қатысты былықтардың бетін ашып, қаржылық алаяқтыққа қатысы бар адамдарды анықтауды тапсырды. "Мұндай бассыздықты ауыздықтайтын кез келді. Кінәлілер жазалануы тиіс",-деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны