04.02.2014, 19:36 7354

Кәсіби әртістер қазақстандық дәрігерлердің коммуникативтік қабілеттерін бағалау үшін "пациент" болады - ДСМ

Қазақстандық дәрігерлердің коммуникативтік қабілеттерін бағалау үшін кәсіби әртістер шақыртылады. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігіндегі брифингте Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директорының орынбасары Дәулетхан Есімов мәлімдеді.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстандық дәрігерлердің коммуникативтік қабілеттерін бағалау үшін кәсіби әртістер шақыртылады. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігіндегі брифингте Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директорының орынбасары Дәулетхан Есімов мәлімдеді.

"Қазақстандық дәрігерлердің коммуникативтік қабілеттерін бағалау үшін кәсіби әрістерді шақыртамыз. Еліміздің барлық өңірінде театрлар бар.Біз оларды з жұмыстарымызға араластыра отырып, оларға кісі өзінің кез келген ауру жағдайында қалай ұстайтынын айтамыз. Осылайша ол әртіс дәрігерге барып қаралады. Дәрігердің міндеті дұрыс диагноз қою. Дәрігерлердің жұмысын біз осылай бағалаймыз", - дейді Дәулетхан Есімов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда медицина қызметкерлерінің біліктілік дәрежелерін алуда талаптар күшейтіледі. Ал 2014 жылы кәсіби қабілеттерді тәуелсіз бағалау жүйесі енгізіледі. Жоспар бойынша, аталмыш жүйе кәсіби дамуға бастама болып, біліктілік деңгейін объективті бағалауға мүмкіндік беріп, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттырмақ.

Сонымен қатар, алдағы уақытта кәсіби біліктілікті бағалайтын аталмыш жүйе жетілдірілетін болады. 2014 жылы осы жүйе арқылы шамамен 1,5 мың қазақстандық дәрігер өткізілмек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны