17.01.2017, 19:46 4052

Кәсіпкерлер палатасыныӊ мәліметінше, бизнесті тексеру 7 есе көбейген

Кәсіпкерлер WhatsApp арқылы есеп өткізу, бұзушылықтарға балл беру мен тексерістердіӊ көбеюіне наразы,- деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі.

Астана. 17 қаӊтар. Kazakhstan Today - Кәсіпкерлер WhatsApp арқылы есеп өткізу, бұзушылықтарға балл беру мен тексерістердіӊ көбеюіне наразы,- деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі.

Палатаныӊ хабарламасына сәйкес, кәсіпкерлердіӊ ұстанымын қалалық прокуратура қолдады. Тексерістер тәртібін реттеу үшін Кәсіпкерлер палатасына барлық жергілікті мемлекеттік бақылау-қадағалау бөлімшелерініӊ басшылары шақырылды. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімініӊ бастығы Бекежан Күнтаевтыӊ айтуынша, өткен жылғы сараптама бойынша, бизнесмендерге тексеру екі есе көбейген. Бақылаушылардыӊ арасында тұтынушылардыӊ құқығын қорғау департаменті қызметкерлері көшбасшы болып отыр. Олардыӊ тексеруі 7 есе көбейген.

"Кәсіпкерлердіӊ шағымы бойынша, бір органныӊ бірнеше бақылаушысы әр уақытта келіп, өз тексерістерімен бизнестіӊ жұмысына кедергі келтіруде. Осындай органдар жалғыз емес, бірнешеу, әрқайсысы келе беріп, жұмысқа кедергі болса, біз қашан ақша табамыз? Кейбіреулер WhatsApp бойынша есеп жіберуді талап еткен, осындай тексерістердіӊ қажеттігі мен дұрыстығы күмән туғызады. Бұзушылыққа жиналған баллдыӊ жиынтығы да ойға келмейтін оғаш дүние",- деді Бекежан Күнтаев.

Алматы қаласы тұтынушылардыӊ құқығын қорғау департаменті басшысыныӊ орынбасары Мұрат Біржановтыӊ айтуынша, егер жаӊадан ашылған нысанға қатысты, мысалы дәмхана делік, бірінші үш жылда шағым түспесе, ешкім оны тексермейді. Бақылаушылар өз жұмысын төртінші жылдан бастайды.

"Тексеру қағаздарына біздіӊ қызметкерлер бұзушылық тапқан жағдайда балл жазады. Талаптарға сай емес бұзушылыққа біздіӊ қызметкерлер 10 баллға дейін коюы мүмкін, орташа бұзушылыққа 50 баллға дейін, ал өрескел қателіктерге 100 баллға дейін беріледі. Егер объектініӊ қателіктері 60 баллдан жоғары болса, жарты жылдан соӊ тағы тексереді", - деді Мұрат Біржанов.

Бекежан Күнтаевтыӊ айтуынша, осындай кемшіліктер, тексерістердіӊ созылуы, WhatsApp арқылы есептерді қабылдау жемқорлыққа жол ашады. Алматы қаласы прокуратура істері басқармасыныӊ прокуроры Темірлан Қанатжанов тексерістерді өткізу тәртібі бизнестіӊ құқығына қайшы келмеуі үшін бақылаушы органдарға ұсыным жасауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны