12.12.2008, 19:08 3110

Кәсіпкерлерге мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы президентінің Құрмет дипломдары тапсырылды

Кәсіпкерлерге мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы президентінің Құрмет дипломдары тапсырылды

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев бүгін мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы президентінің Құрмет дипломдарын тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсім барысында Қ.Саудабаев қазақстандық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің артқанын атап өтті. Бүгінде біздің кәсіпкерлер қоғам алдында өзінің әлеуметтік жауапкершілігін бар түйсігімен сезінеді. Қайырымдылықты міндет санамай немесе уақытты босқа кетірудің амалы ретінде қарастырмай, керісінше оны әлеуметтік дамудың ілгерілеуіне салмақ дарытатын өзіндік азаматтық таңдауы деп санайды. Олар мектептер мен ауруханалар салып, әлеуметтік жағдайы төмен және әлеуметтік көмекке зәру жандарға көмектесіп, жас әртістерге, спортшыларға қолдау көрсетіп отыр.

Құрмет дипломымен марапатталғандардың ішінде "KAZAKHGOLD" компаниясының директорлар кеңесі тобының төрағасы Қ.Ш.Асаубаев, шаруашылық қожалығының басшысы А.Ф.Вильгельм, "Сочинское" ЖШС директоры В.А.Гофман, "Шаңырақ" ЖШС директоры Ж.Ж.Егімбаев, "Бахус" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.М.Карапетян, "БеНТ" АҚ президенті Д.П.Кузиев, "Дружба" ЖШС директоры Н.Г.Луценко, "Жамбай" ЖШС директоры Б.С.Таханов, "Корпорация SANA" ЖШС бақылаушы кеңесінің төрағасы Ю.Б.Югай, "Seimar Social Fund" коммерциялық емес қайырымдылық қоры т.б. бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны