20.11.2012, 14:22 1534

"Кәсіпкерлікті қолдаудың жылжымалы орталығы" Павлодар өңірінің қалалары мен ауыл-аймағына арнайы барды

Жылжымалы орталық өңірдің 12 аудан орталығын аралайды. Мақсат - қаладан бастап, қарапайым ауыл тұрғындарына кәсіпкерлікті дамытудың жай-жапсарын түсіндіріп қана қоймай, бизнес негіздері бойынша анық ақпарат береді.

Павлодар. 20-қараша. Kazakhstan Today - Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің күні қарсаңында "кәсіпкерлікті қолдаудың жылжымалы орталығы" Павлодар өңірінің қалалары мен ауыл-аймағына арнайы барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жылжымалы орталық өңірдің 12 аудан орталығын аралайды. Мақсат - қаладан бастап, қарапайым ауыл тұрғындарына кәсіпкерлікті дамытудың жай-жапсарын түсіндіріп қана қоймай, бизнес негіздері бойынша анық ақпарат береді. Бүгінгі күні елімізде "Бизнестің жол картасы", "Жұмыспен қамту 2020", "Даму - өндіріс", "Даму- Қолдау", әйелдер ісін қолдау сынды мемлекеттің сан түрлі бағдарламасы іске асып жатыр. Алайда, әсіресе ауылдық жерлерде кәсіпкерлік ісін бастаудың анық-қанығын білмей жүргенжандар баршылық, - дейді орталық қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны