27.05.2010, 13:44 1672

Кәсіподақ ұйымдарының мәліметінше, Қазақстандағы жалақы берешегі 90 млрд теңгені құрайды

Кәсіподақ ұйымдарының мәліметінше, Қазақстандағы жалақы берешегі 90 млрд теңгені құрайды

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Кәсіподақ ұйымдарының мәліметінше, Қазақстандағы жалақы берешегі 90 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Қазақстан президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Кәсіподақ ұйымдарының Федерациясы төрағасының орынбасары Леонид Мартынов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Республиканың кәсіподақ ұйымдарының мәліметінше, Қазақстандағы жалпы жалақы берешегі 90 млрд теңгені құрайды. Борышкерлерді үкіметке жауапқа шақырып, қызметкерлердің алдындағы берешекті өтеуді қатаң талап ететін мерзім жетті, - деді Л. Мартынов.

Оның бұл пікіріне Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Еңлік Нұрғалиева қосылды. Оның пікірінше, Ресей Федерациясында жалақы бойынша берешек үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, көрші елдің осы тәжірибесін алып пайдалану дұрыс болар еді.

Мұндай пікірлер комиссияның "Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарына қатысты 2009 жылғы ахуал туралы" баяндаманың жобасын талқылау барысында айтылды, бұл баяндама таяу уақыттарда мемлекет басшысының қарауына ұсынылуға тиіс.

Жалпы алғанда отырысқа қатысушылар баяндаманың жобасын жасаушылар қыруар әрі сапалы іс тындырды деген тұжырымға келді.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері мен сарапшылар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді ескере отырып, баяндаманы бекіту және оны мемлекет басшысының бекітуіне жіберу туралы шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны