29.03.2012, 15:49 3681

Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне кадрларды дайындаудың дуальды жүйесі енгізіледі

Білім және ғылым министрлігі кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне кадрларды дайындаудың дуальды жүйесін енгізуді жоспарлауда, деп мәлім етті Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне кадрларды дайындаудың дуальды жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Білім және ғылым министрлігі кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне кадрларды дайындаудың дуальды жүйесін енгізуді жоспарлауда, деп мәлім етті Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.

Елбасы Н.Назарбаев "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында жұмыс істейтін жастарға өндірістен қол үзбей кәсіптік білім алу мүмкіндігін жасау туралы ұсыныс енгізді.

"Жұмыс істейтін жастар үшін жұмыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету - маңызды мәселе. Ирбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек. Білім және ғылым министрлігі бұл мәселені ойластыруы тиіс", - деді Елбасы өз Жолдауында.

Осыған орай, Білім және ғылым министрлігі шет елдердің тәжірибелерін зерттеп, сәтті деген тәжірибелерді техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізуді жоспарлауда.

"Жақында ГФР-ға жасаған сапар барысында біз ТжКБ жүйесіндегі мамандар даярлаудың дуальды жүйесімен таныстық. Осы жүйемен қамтылғандар уақыттарының 4/3 бөлігін өндірісте өткізеді, сонда еңбек етіп, сонда шеберліктерін шыңдайды,ал қалған уақыттарын теориялық білім алуға жұмсайды",- деді білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов кеше Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарының барысында.

Министрдің айтуынша, дуальды жүйенің басымдығы сол - оқытудың өндіріспен тығыз байланысы. Қазір елімізде осынау жүйені қолдану мүмкіндігі зерделенуде.

2011 жылы республика бойынша ТжКБ жүйесіне кіретін білім ошақтарының жалпы саны 896 бірлікті құраған, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 14 оқу мекемесіне артық. Кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде қазіргі таңда 600 мыңнан астам қазақстандық білім алып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны